Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Нариман Құрбанов Түркиядағы әлем кубогының кезеңіне қатысады

Нариман Құрбанов Түркиядағы әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы Түркияда өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысатын спорттық гимнасшылардың құрамын анықтады, деп хабарлайды Sport12.kz

Ертең, 12 наурызда, Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының үшінші кезеңі басталады.

Қазақстан құрамасы бұл бәсекеге Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов, Нұрлан Ыдырысов, Роман Маметов, Амина Халимарден, Амели Мукушеваны қосты.

Жарысқа 42 елден 58 спортшы қатысады. Жарыс 15 наурыз күні мәресіне жетеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының екінші кезеңі жақында Баку (Әзербайжан) қаласында өткен болатын. Сол жарыста қазақстандық гимнасшы Милад Карими еркін жаттығу мен кермедегі жаттығуда екі күміс медальді жеңіп алды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»