5 сағат бұрын
Кошкин «Күміс доп» турнирінде топ жарды
Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Кошкин Леварденде (Нидерланды) өткен халықаралық «Күміс доп» турнирінде жеңімпаз атанды.
Кошкин 100 метрлік қашықтықта барлық раундтарда, соның ішінде жартылай финал мен финалда бірінші болып финишке жетті. Шешуші жүгіруде ол 9,56 секунд нәтижесін көрсетті.
Екінші орынды нидерландық Стефан Вестенбрук (9,69 секунд), ал үшінші орынды Мац ван Де Бос (9,82 секунд) иеленді.
Айта кетейік, Евгений Кошкин 2026 жылғы Олимпиадада 500 метрлік қашықтықта өнер көрсетіп, тоғызыншы орынға шыққан болатын.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»