Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

2026 жылғы “Болашақ ойындары” жарыс бағдарламасы белгілі болды

2026 жылғы “Болашақ ойындары” жарыс бағдарламасы белгілі болды

2026 жылғы Болашақ ойындарының ұйымдастырушылары жарыс бағдарламасын жариялады.

Астанада өтетін турнир бағдарламасына киберспорт пен дәстүрлі спортты біріктіретін сегіз жкрыс түрі енгізілді. Жарыстар 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бағдарламаға фиджитал-футбол, фиджитал-баскетбол, фиджитал-шутерлер, фиджитал жекпе-жектері, фиджитал-билер, сондай-ақ MOBA Mobile, MOBA PC және «корольдік шайқас» форматтары кіреді.

Турнирге 50-ден астам елден шамамен 900 спортшы қатысады деп күтілуде. Жалпы жүлде қоры 4,75 миллион долларды құрайды.

Жарыстар елордадағы ірі спорт нысандарында өтеді. Олардың қатарында «Барыс Арена», Beeline Arena, жеңіл атлетикаға арналған «Qazaqstan» спорт кешені, «Алау» мұз сарайы және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы бар.

Айта кетейік, алғашқы Болашақ ойындары 2024 жылы Қазан қаласында өткен. Кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев турнирді Астанада өткізу бастамасын ұсынған.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»