Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Спорттық гимнастикадан Зейнолла Ыдырысов әлем Кубогының іріктеу кезеңінде бірінші орын алды

Спорттық гимнастикадан Зейнолла Ыдырысов әлем Кубогының іріктеу кезеңінде бірінші орын алды

Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz

Іріктеу жарысының алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасынан бір ғана спортшы финалға жолдама алды.

Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов төрешілердің шешімімен 14.566 ұпай жинап, бірінші орынмен шешуші кезеңге өтті.

Осы бағдарламада Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 13.600 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады және Әлем кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады.

Бүгін, 13 наурызда Антальяда іріктеу кезеңінің екінші күні өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»