Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Астанада «Tartys Fest» ұлттық спорт фестивалі өтеді

Астанада «Tartys Fest» ұлттық спорт фестивалі өтеді

14 наурыз күні сағат 15:00-де елордадағы Хан Шатыр сауда-ойын-сауық орталығында «Tartys Fest» ұлттық спорт фестивалі өтеді, дее хабарлайды Sport12.kz

Ауқымды шара ұлттық ойындарды дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.

Фестивальдің басты бағдарламасы — қазақ халқының ежелгі ойындарының бірі саналатын арқан тарту сайысы. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар қала тұрғындарынан құралған командалар қатысып, күш пен төзімділікті, сондай-ақ ұжымдық бірлікті сынға салады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер үшін де арнайы ойындар мен жарыстар қарастырылған. Арқан тартыстан бөлек, фестиваль қонақтары турникке тартылу, қой көтеру және тоғызқұмалақ бойынша сайыстарға қатыса алады.

«Биылғы фестивальдің ерекшелігі — шара Жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізуді көздеп отырмыз. Фестиваль барысында қала тұрғындары жасанды интеллект элементтері қолданылған турникке тартылу, қой көтеру және тоғызқұмалақ сайыстарына қатыса алады. Қатысу тегін. Қатысушыларды тіркеу шара басталар алдында, тікелей іс-шара өтетін орында жүргізіледі. Яғни, 14 наурыз күні сағат 15:00-де Тұран даңғылы 37 мекенжайында орналасқан «Хан Шатыр» сауда орталығында күтеміз. Барлық бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталады», — деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Фестивальдің негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және қала тұрғындарының бос уақытын белсенді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасау.

Айта кетейік, бұл шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»