Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Ұлттық ұланда үздік шаңғышылар анықталды

Ұлттық ұланда үздік шаңғышылар анықталды

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланы

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер арасында шаңғы жарысынан өткен біріншіліктің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл жөнінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жарысқа төрт жас санаты бойынша 15 команда, барлығы 60 спортшы қатысты.

Жеке есепте чемпион атанғандар: Медет Сағындық (35 жасқа дейін), Ерік Мусаипов (40 жасқа дейін) және Ержан Айтуғанов (40 жастан жоғары).

Командалық есепте «Б» орталығы жеңіске жетті.

Екінші орынды Жауынгерлік дайындық бас басқармасының құрамасы иеленді.

Үшінші орын Байланыс басқармасына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және ауыспалы Кубокпен марапатталды.

Мұндай турнирлер әскери қызметшілер арасында командалық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға және құқықтық тәртіп әскерлері қатарында қызметтік-қолданбалы спортты дамытуға серпін береді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»