4 сағат бұрын
Спорттық гимнастикадан Зейнолла Ыдырысов әлем кубогында жүлде алды
Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем Кубогының 3-кезеңінде Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Отандасымыз тұтқалы ат снарядының финалында 13.733 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Ол 2025 жылы да тура осы Антальядағы әлем Кубогында 2-орын алған болатын.
Тұтқалы ат снаряды, жүлдегерлер:
1-орын. Рис Маккленаган (Ирландия, Париж Олимпиадасының чемпионы) - 13.900 ұпай
2-орын. Зейнолла Ыдырысов - 13.733
3-орын. Джеймс Хики (Ирландия) - 13.566
Отандасымыз наурыз айының басында Бакуде өткен әлем Кубогының кезеңінде де жүлдегерлер қатарына кірген еді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов