Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

8 сағат бұрын

Қазақстандық каратэшілер Премьер-лига турнирінің финалына шықты

Қазақстандық каратэшілер Премьер-лига турнирінің финалына шықты

Фото: Халықаралық каратэ федерациясы (WKF).

Италия астанасы Римде өтіп жатқан Премьер-лига санатындағы жылдың екінші турнирінде Ұлттық құраманың 2 спортшысы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хзабарлауынша, Әсел Қанай -61 кг салмақтың ширек финалында Барбара Хуайкиманды (Чили), жартылай финалда Вафа Махжубты (Тунис) ұтты. Енді ертең финалда отандасымыз Жапония өкілі Сарара Шимадамен бас жүлдеге таласады.

Ал Софья Берульцева жартылай финалда Мария Гарсия Торресті (Испания) жеңіп, биыл қатарынан 2-ші Премьер-лига турнирінің финалына шықты. Берульцева осыған дейін ширек финалда Түркия өкілін жеңген. Ертең Токио Олимпиадасының қола жүлдегері финалда Рошель Уолтерспен (Англия) сарапқа салады. Екеуі былтыр Каирдегі әлем чемпионатының жартылай финалында жолығып, Софья жеңісті жұлып алған.

Сонымен қатар ширек финалда -84 кг салмақтағы Ұлттық құрама спортшысы Никита Тарнакин Эдуард Гаспарскийге (WKF-1) жол берді. Ал +84 кг салмақтағы Диас Анарбеков Босния және Герцеговина спортшысы Анес Бостанджичтен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Премьер-лига бәсекесіне әлем рейтингінде үздіктер іріктеліп қатысады. Италияда бұл күндері ката және кумите бағдарламасында 66 мемлекеттен 384 атлет күш сынасып жатыр.

Қазақстан осыған дейін Ыстанбұлда өткен Премьер-лига турнирінде 2 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 3-орын алған.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»