Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

7 сағат бұрын

Астана қаласы конькимен жүгіру және шорт-тректен ел чемпионатын қабылдайды

Астана қаласы конькимен жүгіру және шорт-тректен ел чемпионатын қабылдайды

Астана қаласында Қазақстан Республикасының конькимен жүгіру және шорт-трек спорт түрлерінен чемпионаттар өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz

Жарыстарға еліміздің үздік спортшылары, соның ішінде халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен тәжірибелі атлеттер қатысады. Бұл чемпионаттар маусымның соңғы кезеңі және Қазақстанның үздік спортшыларын анықтауға мүмкіндік береді.

Жарыстар «Алау» мұз айдынында өтеді.

Чемпионаттар тізімі:

• 17–19 наурыз — ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының конькимен жүгіру чемпионаты.

• 19–22 наурыз — ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының шорт-трек чемпионаты.

• 25–27 наурыз — жастар арасындағы Қазақстан Республикасының конькимен жүгіру чемпионаты (жеке қашықтықтар)

Көрермендер үшін кіру тегін.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»