4 сағат бұрын
Шаңғымен тұғырдан секіруден қос отандасымыз Польшада жүлдеге ие болды
Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан «Orlen Cup» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz
HS-70 трамплинінде бақ сынаған Қазақстан құрамасының өкілі Керейхан Қабдулла үздік нәтиже көрсетіп, барлығы 251,5 ұпай жинап, 1-орынды иеленді. Сондай-ақ Александр Филоненко 249,6 ұпаймен 3-орыннан көрінді. Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (242,3 ұпай) бұйырды.
Айта кетейік, аталған бәсекеге бұл сында әр мемлекеттен 40-қа жуық спортшы қатысты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов