2 күн бұрын
Елордада ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдік қойылым өтеді
20 наурыз күні сағат 11:00-де Астана қаласы маңындағы Арғымақ ат спорты клубы аумағында Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық спорт күніне орай ұлттық және ат спорты ойындарынан көрсетілімдік қойылым өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Іс-шара барысында көрермендер Қыз қуу, Аударыспақ, Көкпар және Теңге ілу сияқты ұлттық ойындарды тамашалай алады. Сонымен қатар қазақы Тазы иттерініңжәне қыран құстардың көрмесі ұйымдастырылады.
Ұлттық спорт түрлерінен өтетін бұл көрсетілімдерге көрермендер үшін кіру тегін.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов