Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан құрамасы көкпардан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Араға 9 жыл салып Түркістан қаласында көкпардан әлем чемпионаты жалауын желбіретті, деп хабарлайды Sport12.kz

Биылғы додаға жалпы саны 9 команда қатысып жатыр.

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді:

  • А тобы: Түркия, Қазақстан, ҚХР (Қытай), Тәжікстан, Өзбекстан.
  • В тобы: Ресей, Мажарстан (Венгрия), Ауғанстан, Моңғолия.

Қазақстан құрамасы бүгін алғашқы кездесуінде Тәжікстанмен жолығып, 8:4 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан сапынан Құрманбек Тұрғанбек, Елдос Асыл, Тахир Жұмашев, Абылайхан Нышанбек, Асылжан Мамыт, Балғынбек Медетбек, Қуаныш Кәден, Нұржігіт Пермебай салым салды.

Айта кетейік, биылғы жарысқа Қырғызстан құрамасы қатысудан бас тартты.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»