Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Түркістан қаласында көкпардан әлем чемпионаты басталды 

Түркістан қаласында көкпардан әлем чемпионаты басталды 

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Халықаралық додаға Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстаннан үздік 9 команда жиналды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алғашқы топтық ойындар өтіп, командалар ұпай жинап жатыр. 20 наурызда жартылай финалдық ойындар өтсе, 21 наурызда жүлделі орындар сарапқа салынып, жеңімпаздар анықталады.

Әлем чемпионаты әділ өтуі үшін додаға қатысып жатқан әр елден төреші келген. Көкпардан әлем чемпионатының бас төрешісі Жанысбек Саев дүбірлі додада 9 елден 96 спортшы бақ сынап жатқанын, аттарын ала келген Өзбекстаннан басқа командалардың барлығына Қазақстан ат жасақтап бергенін айтты. Шақыру алған Қырғызстан, Әзербайжан, Пәкістан командалары жарысқа қатыспайды.

«Түркістанда салынып жатқан әлемдік деңгейдегі көпсалалы атшабарда тұңғыш жарыс ретінде осы көкпардан әлем чемпионатын өткізіп жатырмыз. Бұл кешенде спортшыларға барлық жағдай жасалған. 21 наурызда әлем чемпионатының ақтық ойындарымен қоса Түркістан облысының Наурыз тойы өтеді. Айтулы іс-шарада атшабардың ашылуы болып, нысанды бізге өткізіп кетеді деп ойлаймыз», – деді Жанысбек Саев.

«Жарысқа жақсы дайындалдық. Шабандоздар күннің суығына қарамастан аттарын суытып, бабына келтірді. Аттары сақадай сай болып келді. Жаттығу жасап, шабандоздарды іріктеп, командаға 12 адам жасақтадық. Ұлттық құрамаға барынша жас шабандоздарды алып жатырмыз. Қырғызстан командасы келе алмайтындарын айтып, келесі жарыстарға міндетті түрде барамыз деп уәде берді», – деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрдәулет Момынов.

Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры – 30 000 000 теңге.

Айта кетсек, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен еді. Араға тоғыз жыл салыпкиелі Түркістанда қайта жалауын желбіретеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»