20 сағат бұрын
Қазақстан трамплиннен секіруде тағы да жүлдеге қол жеткізді
Қазақстан құрамасы Orlen Cup халықаралық турнирінде Закопане (Польша) үш медальге ие болды.
Ересектер арасында Сергей Ткаченко алтын медаль жеңіп алды. U-21 санатында Даниил Калинкин қола медаль алды, ал 18 жасқа дейінгі категорияда Артем Мешков үшінші орынға тұрақтады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Керейхан Кабдулла юношескі санатта бірінші орынға шыққан, ал Александр Филоненко қола медальге ие болған.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»