Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Астанада алғашқы инклюзивті асық ату турнирі өтеді

Астанада алғашқы инклюзивті асық ату турнирі өтеді

Фото: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Наурыз шекарасыз: Астанада алғашқы инклюзивті асық ату турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

20 наурыз күні Астанада, Инклюзивті спорт орталығында, Наурыз мерекесі ерекше форматта өтеді. Бұл іс-шарада қазақтың ұлттық дәстүрлері инклюзия және заманауи спорт тұрғысынан жаңаша ұсынылады.

Қазақстан бочча федерациясы мен «Sport Culture» қоғамдық бірлестігі бірлесіп мәдени-спорттық іс-шара өткізеді. Оның басты оқиғасы – ерекше қажеттіліктері бар балалардың қатысуымен өтетін инклюзивті асық ату турнирі.

Турнирдің басты ерекшелігі – ірі асықтарды пайдалану. Олар мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы болу үшін арнайы бейімделген. Жарыс басталар алдында қатысушылар асықтарды өздері бояп, оларды жеке ойын талисмандарына айналдырады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»