Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Қазақстандық таеквондо федерациясының төрешілер алқасының төрағасы тағайындалды

Қазақстандық таеквондо федерациясының төрешілер алқасының төрағасы тағайындалды

Фото: Қазақстан таеквондо федерациясы

Халықаралық дәрежедегі төреші Дәурен Алғабаев Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Төрешілер алқасының жаңа төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Дәурен Алғабаев - таеквондодан 4-дан қара белбеу иегері, 2-санаттағы халықаралық дәрежедегі төреші. Қазіргі таңда ол үздік ТОП-5 төрешілер қатарына кіреді және Азия таеквондо одағының Төрешілер комитетінің мүшесі болып табылады.

Оның төрешілік саладағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Осы уақыт ішінде ол таеквондо бойынша түрлі деңгейдегі жарыстарда бас төреші ретінде қызмет атқарып, жоғары кәсіби біліктілігін көрсетті.

Соңғы бес жыл ішінде Дәурен Алғабаев Дүниежүзілік таеквондо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілген ірі халықаралық жарыстарда төреші болды. Атап айтқанда, World Taekwondo Grand Prix Challenge, жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионаты, жастар, жасөспірімдер және ересектер арасындағы Азия чемпионаттары, Жазғы Азия ойындары, сондай-ақ 33rd SEA Games сынды беделді додаларда қызмет атқарды.

Сонымен қатар, ол “WT Standing International Referee” мәртебесіне ие. Бұл мәртебе иегерлері WT G-6 және одан жоғары санаттағы турнирлерге (оның ішінде Grand Prix Challenge жарыстары) төреші ретінде тағайындалады. Сондай-ақ, бұл деңгейдегі мамандар 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына төреші ретінде қатысуға үміткер бола алады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»