3 күн бұрын
Қазақстан құрамасы көкпардан əлем чемпионатының финалына шықты
Киелі Түркістан қаласында өтіп жатқан көкпардан əлем чемпионатының шешуші кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Бүгін өткен тартысты жартылай финалдық ойындардың нəтижесінде бас жүлдеге таласатын командалар анықталды.
Жартылай финалдың алғашқы кездесуі Қазақстан мен Ресей Федерациясының құрамалары арасында өтті. Қызу тартысқа толы ойында отандық көкпаршылар 6:4 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Екінші жұпта Ауғанстан мен Өзбекстан командалары кездесіп, 2:4 есебімен өзбекстандық спортшылар жеңіске жетті.
Ертең, 21 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінде көкпардан əлем чемпионы белгілі болады. Алтын жүлде үшін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездессе, қола жүлдеге Ресей Федерациясы мен Ауғанстан командалары таласады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов