3 күн бұрын
Волейболдан «Жетісу» клубы Чемпиондар лигасындағы қарсыласын білді
Өткен жылғы турнир жеңімпазы әрі Қазақстанның қазіргі чемпионы «Жетісу» клубы жеребе нәтижесі бойынша ширек финалда Қытайдың мықты клубы – BAIC командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz
Егер жартылай финалға өтсе, талдықорғандық волейболшы қыздарды жапон (турнирдің басты фавориттерінің бірі) және индонезиялық клуб арасындағы матчтың жеңімпазымен ойын күтіп тұр.
Турнирдің жеңімпазы мен финалисі 2026 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады.
Еске сала кетейік, тарихтағы екінші AVC Чемпиондар лигасы 26–30 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов