2 сағат бұрын
Фристайлдан әлем чемпионатында қазақстандық спортшылардың нәтижесі қандай?
Фото: Қазақстан ҰОК
Айролода (Швейцария) жасөспірімдер арасында фристайлдан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Чемпионаттың бірінші күні жекелей могул бойынша өткен жарыстың жеңімпаздары анықталды.
Қазақстан құрамасының сапында үздік нәтижені Юлия Феклистова көрсетті. Отандасымыз 11-ші орынға тұрақтады.
Юлия Мокина 30-шы, ал Валерия Воловикова 33-ші орындарды иеленді.
Ерлер арасында Денис Раструба 29-шы, Ильнар Ибрагимов 32-ші, Алексей Дегтярев 34-ші, Даниил Коротков 35-ші, Дмитрий Пятаков 48-ші орынға шықты.
Сонымен қатар 20 наурызда фристайл-акробатикадан жекелей сайыс өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»