Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Қазақстан фристайлда қола медальдан қапы қалды

Қазақстан фристайлда қола медальдан қапы қалды

Швейцарияның Айроло қаласында өтіп жатқан юниорлық әлем чемпионатында Қазақстандық құрамалар фристайл-акробатика бойынша күресіп, жүлдеден сәл ғана жаңылып қалды.

Қоспа командалық жарыстарда Қазақстан екі құрамамен өнер көрсетті. Ардана Маханова, Асылхан Асан және Динмухаммед Райымқұлов 212.78 баллмен төртінші орынға ие болды. Ал Раяна Маханова, Роман Погосян және Аделина Умұрзакова 189.50 баллмен жетінші орынға тұрақтады.

Жарыстың жеңімпазы Украина командасы болды (247.50), Канада екінші орында (243.04), ал АҚШ «қола» медальді жеңіп алды (224.54).

Айта кетейік, бұған дейін жеке жарыстарда Асылхан Асан Қазақстанға алтын медаль әкелсе, Динмухаммед Райымқұлов күміс медальға қол жеткізген болатын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»