3 сағат бұрын
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатының уақыты өзгеріп кетті
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатының ұйымдастыру комитеті Үндістанның Гандинагар қаласында өтетін құрлықтық біріншіліктің басқа мерзімге ауыстырылғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жоғары деңгейдегі халықаралық турнир 1–10 сәуір аралығында өтуі тиіс болған, алайда Таяу Шығыстағы қазіргі геосаяси жағдайға байланысты 9–17 мамырға ауыстырылды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан атынан сегіз ауыр атлет өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов