Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Астаналық гимнасшылар Афины төрінде топ жарды

Астаналық гимнасшылар Афины төрінде топ жарды

Афины қаласында көркем гимнастикадан «Aphrodite Cup» халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Аталған жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады. Олардың қатарында Астана қаласының спортшылары да жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, ересектер арасында жекелей бағдарламада көпсайыс қорытындысы бойынша елордалық Ақмарал Ерекешева алтын медаль жеңіп алып, турнир жеңімпазы атанды. Финалда ол доппен орындалған жаттығуда екінші орын (25,800) және булавамен орындалған жаттығуда бірінші орын (28,450) иеленді. Тағы бір спортшымыз Айым Мейіржанова лентамен орындалған жаттығуда (26,250) қола жүлдегер атанды.

Жасөспірімдер арасында жекелей бағдарламада көпсайыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары Анна Рубцова күміс медаль иеленсе, Айғаным Рысбек пен Анель Динишева қола жүлдегер атанды.

Финалдық жаттығуларда Айғаным Рысбек жоғары нәтиже көрсетіп, шығыршықпен орындалған жаттығуда алтын медаль (25,850), сондай-ақ доппен (25,850) және лентамен (25,200) орындалған жаттығуларда күміс медаль жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы топтық жаттығуларда Қазақстан құрамасы көпсайыс қорытындысы бойынша 43,55 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Финалда команда 5 доппен орындалған жаттығуда алтын медаль (22,150) және 5 лентамен орындалған жаттығуда күміс медаль (17,700) жеңіп алды.

Ересектер арасындағы топтық жаттығуларда да Қазақстан құрамасы 48,75 ұпай жинап, көпсайыста бірінші орын алды. 5 доппен орындалған финалдық жаттығуда команда алтын медаль (23,650) иеленді.

«Aphrodite Cup» турниріндегі Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі:

Алтын — 7 медаль

Күміс — 5 медаль

Қола — 3 медаль


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»