Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Әлемдік рекордсмен Богдан Вехов Қазақстан чемпионатында топ жарды

Әлемдік рекордсмен Богдан Вехов Қазақстан чемпионатында топ жарды

20-22 наурыз аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жасөспірімдер арасында әлемдік рекордсмен және әлем чемпионатының қола жүлдегері Богдан Вехов тәжірибелі қарсыластарынан озып, топ жарды.

Ал әйелдер арасында Азия ойындарының күміс жүлдегері Малика Ермек екінші жыл қатарынан чемпион атанды.

Көпсайыс. Ерлер

1-орын. Богдан Вехов (Астана қ.)

2-орын. Павел Цой (Астана қ.)

3-орын. Әділ Ғалиахметов (Астана қ.)

Көпсайыс. Әйелдер

1-орын. Малика Ермек (Астана қ.)

2-орын. Алина Ажгалиева (БҚО)

3-орын. Полина Омельчук (Қостанай обл)

2000 метр. Аралас эстафета.

1-орын. Астана қ. - 2:45.408

2-орын. Қостанай обл. - 2:46.027

3-орын. БҚО - 2:46.274

Осылайша, шорт-тректен биылғы маусым өз мәресіне жетті.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»