Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

ӘЧ-2026: Қазақстандықтар мұз айдынына қашан шығады?

ӘЧ-2026: Қазақстандықтар мұз айдынына қашан шығады?

Прагада 25-28 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы әйелдер мен ерлер арасындағы жекелей сында өнер көрсетеді.

Әйелдер бағдарламасында ел намысын Софья Самоделкина қорғайды. Оның қысқа бағдарламасы 25 наурыз күні сағат 15:30 (Қазақстан уақытымен), ал еркін бағдарламасы 27 наурызда сағат 22:00-де басталады.

Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жиренбаев өнер көрсетеді. Ол Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың орнына шығады, себебі Шайдоров турнирді өткізіп, маусым соңында қалпына келуге көңіл бөлуді жөн көрген. Жиренбаевтың қысқа бағдарламасы 26 наурыз күні сағат 15:30, ал еркін бағдарламасы 28 наурызда сағат 16:30-да басталады.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін маңызды күндер мен сағаттар осылай белгіленді.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»