24.06.2023
«Ордабасы» «Ақсуды» минималды есеппен жеңді

Ордабасы ФК
«Ордабасы» футболдан Қазақстан чемпионатында 13-турында «Ақсуды» ұтып, маусымдағы оныншы жеңісіне қол жеткізді.
Кездесу Павлодарда өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 66-минутта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев соқты.
Осылайша, шымкенттіктер 32 ұпай жинап, екінші орынын сақтап қалса, 7 ұпаймен павлодарлықтар турнирлік кестенің соңғы сатысына жайғасты.
Еске салайық, бүгін, 24 маусымда ел біріншілігінің басқа да кездесулері өтті - «Шахтер» «Жетісудан», «Атырау» «Тобылдан» жеңіліп қалды, «Қайрат» «Қызыл-Жар» қақпасына жауапсыз үш гол соқты, ал «Астана» «Каспиймен» сенімді түрде жеңді.
