Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Софья Самоделкина әлем чемпионатында 12-орынға тұрақтады

Софья Самоделкина әлем чемпионатында 12-орынға тұрақтады

Фото: Қазақстан ҰОК

Прага қаласында (Чехия) мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Әлем біріншілігінде әйелдер арасында жекелей сын бойынша қысқа бағдарлама сайысы өтті. Бұл жарыста Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетуде.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 66.95 ұпай жинады. Нәтижесінде аралық есепте 12-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламадан кейін жапониялық Каори Сакамото көш бастады - 79.31 ұпай. Екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба ие болды - 78.45 ұпай. Ал үшінші орынды америкалық Эмбер Гленн иеленді - 72.65 ұпай.

Еркін бағдарлама 27 наурызда өтеді. Ол Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарында Софья Самоделкина 10-орын алған еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»