1 күн бұрын
Мәнерлеп сырғанаудан Диас Жиренбаев әлем чемпионатында өнер көрсетті
Қазақстандық Диас Жиренбаев қазіргі таңда Чехияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында жарыс жолын бастады, деп хабарлайды Sport12.kz
Қысқа бағдарламадағы өнерін төрешілер 59,34 ұпаймен бағалады. Қазіргі уақытта ол аралық есеп бойынша екінші орында келеді.
Жалпы қысқа бағдарламада мұз айдынына 36 мәнерлеп сырғанаушы шығады. Олардың қатарында 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері жапониялық Юма Кагияма мен Шун Сато, 2026 жылғы Олимпиаданың командалық турнир жеңімпазы және екі дүркін әлем чемпионы америкалық Илья Малинин, сондай-ақ әлем чемпионатының қола жүлдегері француз Адам Сяо Хим Фа бар.
28 наурызда өтетін еркін бағдарламаға өту үшін үздік 24 спортшының қатарына кіру қажет.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов