Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Астаналық мергендер Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Астаналық мергендер Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункционалды спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz

Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынады. Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.

Жарыс үш бағыт бойынша өтті:

* Пута нысанасы (9 оқ, 7 мүмкіндік)

* Орта Азия нысанасы (7 оқ, 9 мүмкіндік)

* Жамбы нысанасы (5 оқ, 5 мүмкіндік)

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының мергендері жүлделі орындарға ие болды.

Орта Азия нысанасы бойынша:

Сабыржан Фариза – 1 орын

Жамбы нысанасы бойынша:

Батихан Айкөркем – 2 орын

Пута нысанасы бойынша:

Сабыржан Фариза – 2 орын

Батихан Айкөркем – 3 орын

Қанат Қасымхан – 3 орын

Барлық қатысушылар аталған үш нысана бойынша сынға түсті.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»