3 сағат бұрын
Диас Жиренбаев әлем чемпионатында алғашқы қадамын жасады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы, Нұрғали Жұмағазы
Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан ерлер қысқа бағдарламада сайысқа түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Қазақстан атынан 22 жастағы Диас Жиренбаев алғаш рет жаһандық додаға қатысып, 59.34 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз жарыс жолын аяқтады.
Айта кетейік, Милан Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров биылғы әлем чемпионатына қатыспауға шешім қабылдаған.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы:
1-орын. Илья Малинин (АҚШ) - 111.29 ұпай
2-орын. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 101.85 ұпай
3-орын. Александр Селевко (Эстония) - 96.49 ұпай
Енді ертең, 27 наурыз күні әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина шешуші еркін бағдарламада өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»