Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

10 сағат бұрын

Қазақстан Азия Кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Азия Кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның садақ атудан әйелдер құрамасы Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия Кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Блокты садақ ату бәсекесінде Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусовадан құралған қазақстандық команда үздік нәтиже көрсетті. Финалда олар Үндістан құрамасын 229:227 есебімен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін турнир әлі аяқталған жоқ. Алда классикалық садақ ату бойынша тағы екі финал бар. Бұл сында ерлер мен әйелдер құрамалары алтын медаль үшін таласады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»