4 күн бұрын

Садақ атудан Қазақстан командасы Азия кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды

Садақ атудан Қазақстан командасы Азия кубогында 3 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Таиланд Корольдігінің астанасы Бангкокта садақ атудан Азия кубогы кезеңінің алғашқы финалдары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Нәтижесінде Ұлттық құрама еншісінде 3 алтын және 1 қола медаль бар. Олар:

Блокты садақтан Қазақстан әйелдер командасы (Виктория Лян, Роксана Юнусова мен Диана Юнусова). Отандастарымыз ақтық бәсекеде Үндістан спортшыларынан басым түсті. Есеп: 229-227.

Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер командасы (Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Дәулеткелді Жаңбырбай). Шешуші сында спортшыларымыз Үндістаннан басым түсті.

Классикалық садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасы (Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова). Біздің мергендер финалда Қытай құрамасын жеңді.

Блокты садақтан Қазақстан командасы (микст). Виктория Лян мен Бунёд Мирзаметов кіші финалда Сингапурдан келген қарсыластарынан айласын асырды. Есеп: 152-151.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»