Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Велоспорттан аруларымыз Азия чемпионатында топ жарды

Велоспорттан аруларымыз Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан тректегі велоспорттан Тагайтайда (Филиппин) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Әнел Тәшбай мен Аружан Қабдулова жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Отандастарымыз жасөспірімдер арасында өткен мэдисон жарысында топ жарды. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Тайбэй иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Әнел Тәшбай, Аружан Қабдулова, Виталина Хоружая, Әлия Букаева және Әйгерім Смайлқанова жасөспірімдер арасындағы командалық із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алған еді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»