2 сағат бұрын
Виктор Друзин көркем жүзуден әлем кубогында жүлде алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Франция астанасы Парижде көркем жүзуден осы маусымдағы әлем кубогының 2-кезеңі басталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы жарыс күні Ұлттық құрама қоржыны Виктор Друзин жекелей сындағы техникалық бағдарламада қола медаль жеңіп алды.
Жүлдегерлер:
1. Муйе Гуо (Қытай) 245.4900 ұпай
2. Рандзю Томблин (Ұлыбритания) 238.9359 ұпай
3. Виктор Друзин (Қазақстан) 226.6050 ұпай
4. Эдуард Ким (Қазақстан) 225.3225 ұпай.
Айта кетейік, Парижде Қазақстан командасы сапында барлығы 16 отандасымыз жүлдеге таласады. Бұл жолы жарысқа 27 мемлекеттен 190-ға тарта спортшы қатысып жатыр. Әлем кубогы 29 наурызда мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»