Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Руслан Курбанов Астанадағы әлем кубогының финалына шықты 

Руслан Курбанов Астанадағы әлем кубогының финалына шықты 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Руслан Курбанов Астана қаласында өтіп жатқан әлем кубогының ақтық сынында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Руслан жартылай финалда Мажарстан өкілі Давид Надьтан басым түсті. Енді біраздан соң отандасымыз Роман Свичкарьмен (Украина) кім мықтыны анықтайды.

Ерлер арасында Давид Надь пен Мұхаммед Эль-Сайед (Мысыр) қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бүгін кешке сапы бағдарламасында ерлер мен әйелдер арасындағы барлық жүлдегер белгілі болады. Ал ертең шешуші жарыс күні командалық сайыс өтеді. Әлем кубогын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»