5 сағат бұрын
Ұлттық ұланының әскери қызметшісі Руслан Курбанов - әлем Кубогының күміс жүлдегері
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Семсерлесуден алғаш рет Астана қаласында өтіп жатқан әлем Кубогында бірінші жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер арасында 277 қатысушы сайысқа қатысып, нәтижесінде ұлттық ұланының әскери қызметшісі Руслан Курбанов күміс жүлде еншіледі.
Отандасымыз ақтық сында Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен жол берді.
Русланның әлем Кубогындағы жолы:
1/32 финал. Дмитрий Швелидзе (бейтарап елдің өкілі) - 15:8
1/16 финал. Филипе Фразао (Португалия) - 15:11
1/8 финал. Мигель Фразао (Португалия) - 15:10
1/4 финал. 2 дүркін Олимпиада чемпионы Коки Кано (Жапония) - 9:8
1/2 финал. Давид Надь (Венгрия) - 15:13
Айта кетейік, Руслан Курбанов 2026 жылдың ақпан айында ғана Германияның Хайденхайм қаласындағы әлем Кубогында топ жарған болатын.
Енді ертең командалық сайыстар өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»