Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Қазақстан көркем жүзуден әлем кубогында күміс алды

Қазақстан көркем жүзуден әлем кубогында күміс алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

​Франция астанасы Париж қаласында көркем (синхронды) жүзуден әлем кубогының 2 кезеңінде Қазақстан қоржыны кезекті жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың 2-күні аралас жұптық сында (микст) техникалық бағдарлама бойынша Ясмин Исламова мен Алдияр Рамазанов жұбы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, күміс жүлде иеленді.

Сондай-ақ, осы бағдарламада тағы бір отандық жұп - Артур Майданов пен Айғаным Сайым үздік сегіздікке еніп, 7-сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Парижде Қазақстан командасы сапында барлығы 16 отандасымыз жүлдеге таласады. Бұл жолы жарысқа 27 мемлекеттен 190-ға тарта спортшы қатысып жатыр. Әлем кубогы 29 наурызда мәресіне жетеді.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»