7 сағат бұрын
Көркем гимнасшыларымыз әлем Кубогында өнер көрсетті
Софияда (Болгария) көркем гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі аясында жеке көпсайыстағы жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан құрамасы сапында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова өнер көрсетті.
Ертайқызы 107.300 ұпай жинап, қорытындысында 14-орынға ие болды. Мейіржанова 102.800 ұпаймен 29-нәтиже көрсетті.
Жарыста Таисия Онофрийчук (Украина) жеңіске жетті — 116.600. Одан кейін Стилиана Николова (Болгария) — 116.200. Қола жүлдені София Раффаэли (Италия) — 115.700 иеленді.
Бүгін, 30 наурыз күні, жекелеген жаттығулар бойынша финалдар өтеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов