5 сағат бұрын
Сергей Емельянов қатарынан 15 жыл 1000 метрге жарыста Қазақстан чемпионы атанды
Бүгін Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден көктемгі Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Республиканың 11 өңірінен келген 120 спортшы қатысып жатқан жарыс бес күнге жоспарланған. Ескекшілер 10 бағдарлама бойынша өзара мықтыны анықтап, жүлделерді сарапқа салады. Аталған дода сәуір айының аяғында Қытайдың Хейфей қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу кезеңі саналады.
Бүгін атлеттер байдарка мен каноэде 1000 метрге жарыста кім мықтыны анықтады. Осы тұста каноэде есуден Ұлттық құрама көшбасшысы Сергей Емельяновтың жеңісі ерекше болғанын айта кетейік. Ол Олимпиада бағдарламасына кіретін 1000 метрге жарыста тағы ешкімге дес бермеді. Бұл оның ел біріншілігіндегі 2011 жылдан бері осы қашықтықтағы 15-ші алтын жүлдесі.
«Иә, 2011 жылдан бері көктемгі чемпионатта 500 бен 1000 метрге ешкімнен жеңілмей келем. Алда да жеңілмеуге тырысамын. Әр көктемде жарысқа шығарда «тағы алу керек»,-деймін. Жастар басым түсіп жатса, сол кезде зейнетке шығу жайлы ойланамын»,-деді Сергей Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Назарыңызға алғашқы жарыс күнінің жүлдегерлерін ұсынамыз:
Байдарка, 1000 м:
1. Дмитрий Холмогоров (Қарағанды облысы)
2. Кирилл Тубаев (Қарағанды облысы)
3. Сергей Токарницкий (Шымкент қаласы)
Каноэ, 1000 м:
1. Сергей Емельянов (Шымкент қаласы)
2. Тимофей Емельянов (Шымкент қаласы)
3. Ануар Альмагамбетов (Қызылорда облысы)
Байдарка, 1000 м:
1. Стелла Суханова (Шымкент қаласы)
2. Ольга Шмелёва (Түркістан облысы)
3. Татьяна Токарницкая (Алматы қаласы)
Каноэ, 1000 м:
1. Мария Бровкова (БҚО)
2. Руфина Искакова (Шымкент қаласы)
3. Маргарита Торлопова (ШҚО)
Байдарка, жұптық 1000 м:
1. Жахонгир Жамедов, Дінмұхаммед Шынқожаев (Шымкент қаласы)
2. Михаил Яковлев (Қарағанды облысы), Владимир Картушин (ШҚО)
3. Глеб Ударцев, Тимофей Таранов (Ұлытау облысы)
Каноэ, 1000 м:
1. Тимофей Емельянов (Шымкент), Владислав Руденко (Алматы облысы)
2. Ануар Альмагамбетов (Қызылорда), Полат Төребеков (Түркістан облысы)
3. Савелий Лыжин, Артур Миллер (Ұлытау облысы)
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов