3 сағат бұрын
Бибісара Асаубаева сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы үміткерлер турнирінің үшінші турында сенсациялық жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстанның блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара қара фигуралармен ойнап, турнирдің фавориті — Қытай шахматшысы Чжу Цзиньэрді (2026 жылдың наурыз айындағы әлемдік рейтингте екінші орында) жеңді.
Турнирдің алғашқы екі турында үндістандық Рамешбабу Вайшали және Александра Горячкинамен (ФИДЕ) тең түскеннен кейін, бұл жеңіс Бибисараны турнир көшбасшыларының қатарына қосты.
Енді оның келесі қарсыласы тағы бір қытайлық шахматшы Тань Чжунъи болады. Сонымен қатар Асаубаеваның қарсыластары қатарында Дивья Дешмух (Үндістан), Екатерина Лагно (ФИДЕ) және Анна Музычук (Украина) бар.
Турнир жеңімпазы әйелдер арасындағы әлем чемпионы атағы үшін қазіргі чемпион қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен ойнау құқығына ие болады.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов