8 сағат бұрын
Қазақстандық гимнастар әлем кубогы кезеңіне қатысады
Фото: Қазақстан ҰОК
Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы Каирде (Мысыр) өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды анықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Мысыр астанасында еліміздің намысын Нариман Курбанов, Зейнолла Ыдырысов, Ілияс Әзізов, Асан Салимов және Алтынхан Темірбек қорғайды.
Әлем кубогының кезеңі 3-6 сәуір аралығында өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ұлттық құрамамыз бір медаль жеңіп алған болатын. Ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов екінші орын алды.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»