4 сағат бұрын

Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды

Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды

Филиппиннің Тагайтай қаласында өткен тректегі велоспорттан Азия чемпионатында елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport12.kz

Юниорлар арасында омниум бағдарламасында Күйтенов Мұрат күміс жүлдегер атанды. Ал ересектер санатында мэдисон дисциплинасында Рамис Дінмұхаметов күміс медаль иеленді.

Айта кету керек, бұл Мұрат Күйтенов үшін наурыз айындағы екінші Азия чемпионаты. Ай басында ол Сауд Арабиясының Әл-Қасим қаласында өткен тасжол велоспорты бойынша құрлықтық біріншілікте чемпион атанған болатын.

Құрлықтық біріншілікке 19 елден 300-ден астам спортшы қатысып, жарыс өз мәресіне жетті.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»