4 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева жеңіліссіз сериясын жалғастырды

Бибісара Асаубаева жеңіліссіз сериясын жалғастырды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан 2026 жылғы үміткерлер турнирінде кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Төртінші турда 22 жастағы спортшы қытайлық Тань Чжуньимен кездесті. Партия тең аяқталып, әрқайсысына 0,5 ұпайдан берілді.

Осылайша, Асаубаеваның қоржынында қазір 2,5 ұпай бар. Алғашқы екі турда ол тең ойнап, үшінші турда жеңіске жеткен еді.

Қазақстандық шахматшы аралық көшбасшылықты Екатерина Лагномен бөліскен болатын. Алайда бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жүрген ресейлік шахматшы төртінші турда Анна Музычукке есе жіберді. Енді Асаубаева жалпы есепте бірінші орынды дәл осы украиналық шахматшымен бөлісіп тұр.

2 сәуір – демалыс күні. Ал 3 сәуірде бесінші тур ойындары өтеді, онда Асаубаева Лагномен кездеседі.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»