2 күн бұрын
Қазақстандық семсерлесуші Риода жүлдегер атанды
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды.
Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай қола медаль иегері атанды.
Қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде түркиялық Фуркан Яманға 13:15 есебімен есе жіберді. Осылайша, Жайлыбай турнирдің қола жүлдесін иеленді.
Жарыс барысында ол венгриялық Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және америкалық Эмилио Патурзоны (15:13) жеңді.
Айта кетейік, турнир жеңімпазы атанған Фуркан Яман финалда АҚШ өкілі Уильям Морилды жеңді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»