5 сағат бұрын
Қазақстандық семсерлесу шебері әлем чемпионатында қола алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қазақстандық семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай Бразилияда өтіп жатқан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қылыш сайысынан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жүлде аталған жас санатындағы жаһандық додасының жеке сайысы бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы медаль болды.
Жарыстағы жолы:
1/64 финал. Тиам Кодэ (Сенегал) – 15:9
1/32 финал. Даниэль Беркезчи (Венгрия) – 15:6
1/16 финал. Мотоки Кавахара (Жапония) – 15:11
1/8 финал. Ярослав Борисов – 15:14
1/4 финал – Патурзо Гонсалес (АҚШ) – 15:13
Жартылай финалда отандасымыз қазіргі Еуропа чемпионы әрі FIE әлемдік рейтингінің көшбасшысы Фуркан Яманмен (Түркия) кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте спортшымыз 13:15 есебімен есе жіберіп, тарихи қола медальді иеленді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»