3 сағат бұрын
Маутинбайктан Қазақстан чемпионаты басталды
Ел біріншілігінде жүлделер бірнеше дисциплина бойынша сарапқа салынады, деп хабарлайды Sport12.kz
Атап айтқанда, бағдарламаға ерлер мен әйелдер арасындағы кросс-кантри марафон (XCM), олимпиадалық кросс-кантри (XCO) және эстафета (XCR) жарыстары енгізілген.
Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында өтеді.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 6 сәуірде аяқталады.
Еске салсақ, бұған дейін велотректен Азия чемпионатында Қазақстан 11 медаль еншілегенін жазған едік.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов