2 сағат бұрын

Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді

Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді

Елорда тұрғындары мен қонақтары «Заң және тәртіп» акциясы аясында «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Sport12.kz

Іс-шара 2026 жылғы 11 сәуірде Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 шақырым.

Қатысушыларды тіркеу жарыс күні, яғни 11 сәуірде таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жүгіру жарысының басталуы – сағат 09:00.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

«Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады», – дейді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»