27.06.2023

Қазақстан құрамасына жаңа ойыншысы клубсыз қалды

Қазақстан құрамасына жаңа ойыншысы клубсыз қалды

Александр Зуев

Футболдан Қазақстан құрамасына жаңа ойыншысы Александр Зуев «Крылья Советовтен» кетті. Бір қызығы, Самара клубы жартылай қорғаушының кеткенін оның туған күнінде – футболшы 27 жасқа толар алдында хабарлаған.

«Сашаны жеке мерекесімен құттықтаймыз, оған зор денсаулық, позитив және бар жақсылықты тілейміз! Александрдың «Крылья Советов» командасымен келісімшарты аяқталды, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Зуев «Крылья Советовте» 2017 жылдың ақпанынан маусымына дейін ойнады, содан кейін 2023 жылдың ақпанында командаға қайта оралды. Самаралықтар сапында 24 кездесу өткізіп, бір гол соқты, екі нәтижелі пас берді.

Зуев жақында Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамаға шақырылды, бірақ жаттығу кезінде жарақат алып, Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі Сан-Марино (3:0) және Солтүстік Ирландияға (1:0) қарсы матчтарға қатыспады.

Елдос Сайдалин қазақстандық боксшылардың жетістігіне не әсер еткенін айтты 

Бокс 20 минут бұрын

Елдос Сайдалин қазақстандық боксшылардың жетістігіне не әсер еткенін айтты 

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футбол 30 минут бұрын

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Бокс 46 минут бұрын

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

Бокс 1 сағат бұрын

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Футбол 1 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды

Футбол 1 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды