1 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева көшбасшы орынынан айырылды

Бибісара Асаубаева көшбасшы орынынан айырылды

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Үміткерлер турнирінің бесінші турында ресейлік Екатерина Лагнодан жеңілді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұған дейін, төртінші турда Асаубаева Қытай өкілі, классикалық шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Тань Чжунъимен тең ойнаған еді. Ол партия тең нәтижемен аяқталып, екі шахматшы да 0,5 ұпайдан алды.

Бесінші турдан кейін Бибісара 2,5 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға төмендеді. Көш басында 3 ұпайы бар украиналық Анна Музычук тұр. Алтыншы турда қазақстандық шахматшы үндістандық Дивья Дешмухпен кездеседі.

Еске сала кетейік, үшінші турда Қазақстанның блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы қара фигуралармен ойнап, турнирдің басты фавориттерінің бірі — 2026 жылғы наурыз айындағы әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қытайлық Чжу Цзиньэрді сенсациялық түрде жеңген болатын.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»