20 сағат бұрын
Ұлттық ұлан спортшылары ел чемпионатында топ жарды
Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстың «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
300-ден астам спортшы қатысқан жарыста Ұлттық ұланның «Burkit TEAM» командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 4 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.
Ерлер арасындағы абсолютті салмақта 5572 әскери бөлімінің қызметшісі Али Мұсақұлов чемпион атанды. Ал әйелдер арасындағы абсолютті салмақта 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Гүлназ Мұрат күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ, 58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен 5572 әскери бөлімінің өкілі Әйгерім Төрехан жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жетістігінің арқасында ол жекпе-жек ұрыстан Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды.
67 келі салмақта 5518 әскери бөлімінің спортшысы Манарбек Әсембай күміс жүлде иеленсе, 80 келіде 3502 әскери бөлімінің өкілі Дархан Дәулет алтын медаль жеңіп алды.
Ал 97 келі салмақта 5572 әскери бөлімінің қызметшісі Абылай Шәкірбеков ел чемпионы атанды. Сонымен қатар, 73 келіге дейінгі салмақта Ұлттық ұлан академиясының курсанты Байбол Қуанышов қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, аталған жарыста топ жарған спортшылар 2026 жылы өтетін Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан