Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Асан Салимов гимнастикадан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды 

Асан Салимов гимнастикадан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Мысыр астанасы Каирде спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық құрама спортшысы Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуында финалда бақ сынап, күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз ақтық сайыста 14.083 ұпай иеленді.

Жүлдегерлер:

1. Артур Давтян (Армения) - 14.666 балл

2. Асан Салимов (Қазақстан)

3. Йонас Данек (Чехия) 14.016 ұпай

Осы дисциплинада тағы бір отандасымыз Алтынхан Темірбек үздік бестікке кірді.

Бұл Кирде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен 3-жүлде. Кеше тұтқалы ат снарядындағы финалда Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола медаль иеленген.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан